Атырау облысында тасқын кезінде істен шыққан гидроқондырғыларды жөндеу қажет
Су тасқыны кезінде Атырау облысында 21 каналдың жартысында гидроқондырғы істен шығып қалды, деп хабарлайды 24KZ.
Жайық өзенімен 14 млрд текше метр су келген кезде елді мекендерді қорғау үшін қаладағы гидробекеттен 9 млрд текше метр су каналдар арқылы Каспийге жіберілген еді. 360-тан астам егін шаруашылығын сумен қамтып отырған каналдардың біразы шыдас бермеді. Салдарынан Махамбет, Индер аудандарындағы егіс алқаптарына су жетпей жатыр. Облыстың ауыл шаруашылығын толықтай сумен қамту үшін 2 млрд теңге қаражат керек. Бірақ республикалық бюджетке тәуелді «Қазсушар» республикалық коммуналдық кәсіпорнына қарасты су арналарының жұмысына жергілікті билік араласа алмай отыр.
Асланбек Рысжан, «Қазсушар» РМК облыстық филиалының директоры:
- Шамамен 200 млн-дай қосымша сұрап отырмыз. «Кабьяково-Забурын» каналына 600 млн-дай қаралаған. Енді материалдардың, басқа да жұмыстардың қымбатсуына байланысты олар корректиовкаға беріп тастады. Қазір Кабяково каналы тоқтап тұр. Махамбет ауданы бойынша да «Бақсай» каналы тоқтап тұр. «Есбол – Қазыбай» каналы тоқтап тұр.