Петропавлда 40 балаға мектеп құралдары табысталды

Петропавл қаласында «Мектепке жол» акциясы аясында 40 оқушыға көмек көрсетілді, деп хабарлайды 24KZ.

Қайырымдылық шарасына Қазақстан халқы Ассамблеясының жергілікті мүшелері ұйытқы болды. Олар көпбалалы, аз қамтылған отбасыларға оқу құралдарын табыс етті. Оның ішінде сөмке, дәптер, тағы басқа керек-жарақтар бар.

Жалпы биылғы оқу жылы облыс бойынша әлеуметтік жағдайы төмен 11 мың оқушыға бюджеттен 470 млн теңге бөлінді. Бұл қаржы біржолғы жәрдемақы ретінде үлестіріледі.

Гүлбақша Мұсабаева, «Urpaq» қазақ мәдени-ағарту орталығының төрағасы:

- Әдемі сөмкелер қыздардың қолына. Оның ішінде балалардың дарындылығын ашатын ерекше мынау кеңсе тауарлары. Балалар сурет салады. Балалар өнер сабақтарында өз өнерлерін дамытады. Ойланады, жазу жазады, есеп шығарады деген сияқты. Сондықтан бұл күні балалар сол сыйлықтарды алып, ерекше бір ойда болады деп ойлаймын.