Атырауда «Мектепке жол» акциясы өтті

Атырауда «Ассамблея жастары»  ұйымы республикалық «Мектепке жол» акциясы аясында 20 балаға оқу құралы мен сөмке табыстады, деп хабарлайды 24KZ.

Қайырымдылық іс-шарасы басталғалы облыста ассамблея мүшелері, этномәдени бірлестіктер тұрмысы төмен отбасындағы 100-ден аса оқушыны мектепке дайындауға көмектескен. Акция әлі де жалғасады.

Надежда Есова, «Қоғамдық келісім» КММ бөлім басшысы:

- Ассамблея жастары көпбалалы, аз қамтылған отбасыларға өздерінің кезекті «Мектепке жол» қайырымдылық акциясын өткізіп жатыр. Дәстүрлі түрде өткізіп жатқан шараға биыл да этномәдени бірлестіктер, аналар кеңесі, ақсақалдар кеңесі қатысып, алға қарай да осы игі істер жалғасын табады. Тағы да 100-ге жуық қамтылады деп ойлаймыз.