Ақтөбеде қайтыс болған адамдарды баспана кезегіне қойған

Ақтөбеде баспана кезегінде қайтыс болғандар да тұрған.

Облыс прокуратурасы осындай заңсыздықты анықтады. Құзырлы орган тұрғын үй алу кезегін уақтылы түгендеу бойынша жергілікті атқарушы органдардың қызметіне талдау жүргізді. Нәтижесінде бірқатар заң бұзушылықтардың бетін ашты. Мәселен, басқа елді мекенге көшіп кеткен, еңбек қатынастары тоқтатылған және тұрғын үйді жекешелендіріп үлгерген 100-ден астам азамат баспанаға мұқтаждардың дерекқорынан шығарылмаған. Сонымен қатар, мұқтаж азаматтардың тізімінде қайтыс болған 11 азамат кезекте тұрған. Жалпы аймақ бойынша  36 мыңнан астам адам баспана кезегінде тұр.