Шымкентте атауы жоқ 281 көше анықталды

Шымкент қаласында атауы жоқ 281 көше анықталды.

Сонымен қатар аты қайталанатын тағы 84 көше бар. Осыған қатысты қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасында барлық тізім жанақталып, көшелердің жаңа атауы көпшіліктің дауыс беруіне ұсынылды. Осы ретте қала зиялылары мен тарихи тұлғалардың есімі ескеріліп, дәстүрлі жер, су аттары да берілген. Бірақ басқарма басшысының орынбасары Мөлдір Оңдасынова оларды ресми тіркеуге әлі ерте екенін айтады. Себебі тұрғындардың мақұлдауынан өткеннен кейін жергілікті және республикалық ономастика комиссиясының қарауына ұсынылады.

Мөлдір Оңдасынова, қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы басшысының орынбасары:

- Мораторий біте саласымен біз осы мәселеге кірісіп, артынша аудандардың тізімдерін, ұсыныстарын жинап отырдық. Сол ұсыныстарға сәйкес көпшілік тыңдауды бастап отырмыз. Бұдан кейін мәслихат отырысында сессияда қаралады. Онамастикалық комиссияда қаралады. Сосын республикалық ономастикалық комиссия бар.