2025 жылдан бастап жалақының ең төменгі мөлшері ₸85000 болады

Келер жылы әлеуметтік салаға 9,8 трлн теңге бөлінеді. Бұл былтырғымен салыстырғанда 794 миллиард теңгеге артық, деп хабарлайды 24kz.

Үкіметте мақұлданған республикалық бюджет жобасына сәйкес, келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап жалақының ең төменгі мөлшері 85 000 теңге болады. Сондай-ақ Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі көлемі 32 360 теңгеге шақталады. Ал, бір айлық есептік көрсеткіш 4 мыңға жуықтайды. Бұған қоса, ең төменгі күнкөрiс деңгейiнiң шамасы 46 228 теңге болып белгіленді.