9000-нан астам қазақстандыққа арнайы әлеуметтік төлем тағайындалды

Президент Жолдауын іске асыру аясында 9 мыңнан астам қазақстандыққа арнайы әлеуметтік төлем тағайындалды, деп хабарлайды 24kz.

Мысалы, 1 қаңтардан зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін қызметкерлер үшін арнайы төлем енгізілді. Өтініш білдіргендердің ең көбі Қарағанды облысынан. Аймақтан 1700-ге жуық жұмыскер құжат тапсырған. Ал Қостанай, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарының әрқайсынан мыңнан астам өтініш түскен. Одан кейін Ақтөбе, Ақмола және Абай облыстары тұр. Арнайы төлемнің орташа мөлшері шамамен 208 мың теңге. Қызметкерлер арнайы төлемді ала отырып, денсаулыққа зияны аз жұмысқа ауыса алады.