Астанада бес құрылыс компаниясы лицензиясынан айырылды
Астанада 5 құрылыс компаниясы лицензияларының кейбір түрінен айырылды, деп хабарлайды 24kz.
Бұлардың қатарында «Пром Строй Гарант Кз», «Granite», «Sheberbuild», «Астана-Көктем С» және «Ғимараттар мен құрылыстар құрылысы» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері бар. Аталған компаниялар құрылыс-монтаж жұмыстарын сапасыз жүргізгені және мемлекеттік нормативтерді бұзғаны үшін, сондай-ақ жобалық құжаттамадан ауытқығаны үшін лицензияларымен қош айтысты. Аталған заң бұзушылықтарды Астана қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы анықтады. Жоспардан тыс тексерулер нәтижесінде 426 дерек тіркеліп, оларды жоюға 192 ұйғарым берілді.