Маңғыстаудағы балабақшалар ₸70 млн қаржы жымқырған

Прокурорлар Маңғыстаудағы балабақшаларға тексеріс жүргізіп, түрлі заңбұзушылықтар анықтады, деп хабарлайды 24KZ.

Атап айтсақ, бөбекжайларда санитарлық норма, өрт қауіпсіздігі, білім және медициналық қызмет талапқа сай емес. Барлығы 600-ге жуық әкімшілік іс қозғалып, 100 млн теңгеден астам айыппұл салынды. Тексеріс кезінде 15 балабақшадан мемлекетке 70 млн теңгеден аса залал келгені анықталды. Олар келмеген баланы тіркеп, сол үшін бюджеттен қаражат алып отырған. Сондай-ақ 3 мемлекеттік мекеме есепшілері қаржы жымқырған. Қазір тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.