Қазақстан Қарулы Күштері тылының құрылғанына 32 жыл толды

“Тыл қайда, жеңіс сонда”.

Бүгін Қазақстан Қарулы Күштері Тылының құрылғанына 32 жыл.

Атаулы датаға орай Астанада мерекелік іс-шара өтті. Оған сала мамандары мен ардагерлер қатысып, адал еңбегімен көзге түскен қызметкерлер марапатталды. Олар қашанда әскерді қарумен жарақтандырып, азық-түлікпен қамтамасыз етуге дайын. Қажет десеңіз, уақытында көлік құралдарын ұйымдастырып, байланыс жолдарын дайындайды. Техникаларды бүркемелеп, қайта қалпына келтіреді.

Біржан Жүтеков, ҚР ҚК тыл басқармасының бөлім бастығы:

- ҚР өз тәуелсіздігін алғаннан бері Қарулы Күштері құрылған соң Тыл 40-армиядан бөлініп, өзінің тарихын бастады. Тыл дегеніміз Қарулы Күштердің күретамыры болып табылады. Тыл барда жеңіс бар деген ұранмен әрқашан біз әскери қызмет атқарамыз. Қазір тыл қызметі инновациялық жаңару үлгілерін көрсетуде.