Ақмола облысында «Мектепке жол» акциясында 20 мың отбасы қамтылды
Ақмола облысында биыл «Мектепке жол» акциясы аясында 20 мыңнан астам балаға оқуға қажетті құрал-жабдықтар сатып алынды.
Бұл мақсатқа 823 млн теңге жұмсалды. Игі шараға жергілікті кәсіпкерлер мен этномәдени бірлестіктер де атсалысып жатыр. Достық үйінде өткен шара барасында түрлі этнос өкілдері оқушыларға базарлық жасап, оқу құралдарын үлестірді. Әсіресе акция аясында тұрмысы төмен және көпбалалы отбасыларға баса көңіл бөлінген.
Әлия Мәкішева, көп балалы ана:
- Менің алты балам бар. Оның үшеуі мектепке барады. Әрине оңай емес үш баланы мектепке киіндіру. Енді қолымыздан келгенше алып жатырмыз. Сосын бүгін Қазақстан халқы ассамблясы көмек беріп жатыр екен осындай жобаға алғысым шексіз.
Сабырхан Кенжебаев, ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары:
- Қазіргі уақытта 50-ден астам балаға мектеп құралдарын табыстадық. Және де бұл шара жалғасады. Негізінен осымен қоса этномәдени бірлестіктер акцияны қолдап, өз көмектерін беретін болады.