KazGrain: Биыл 20 млн тонна бидай жиналады
Биыл Қазақстанда 20 млн тонна бидай жиналады, деп хабарлайды 24kz.
Көктем мен жаздағы күннің қолайсыздығына қарамастан KazGrain ұлттық экспорттаушылар қауымдастығы осындай оң болжам жасап отыр. Орақ науқанының соңына қарай елдегі астық қоры былтырдан қалғанымен қоса 25-26 млн тоннаға жетпек. Соған орай 10 млн тоннадан астамы экспортталуы мүмкін. Бидайдан бөлек, Қытайға арпа жеткізудің мүмкіндігі мол. Қазір қытайлық сатып алушылар жемге арналған бір тонна астық үшін 174 доллар ұсынып отыр. Бірақ қыркүйек айында бұл баға 205-215 долларға дейін өседі деген болжам бар. Ал егер Орталық Азиядағы сатып алушылар төлемдерді екі-үш айға кейінге қалдыруды сұраса, онда қытайлық серіктестер бірден төлейді.
Елдің оңтүстік өңірлері егінді аяқтап қалса, солтүстік аймақтарда диқандардың алды бидайға енді ғана орақ салып жатыр. Биыл егіннің шығымы жақсы. Тек күн райы мүмкіндік берсе, астық мол болмақ. Осы орайда астықты өңір Солтүстік Қазақстандықтармен тікелей байланысқа шығып, жағдайды бағамдасақ. Қазір бізбен Солтүстік Қазақстан облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Мейрам Меңдібаев қосылғалы тұр.
- Солтүстік Қазақстан егін орағын бастап кеткен екен. Бүгінге қанша гектар орылды?
- Биылғы егіннің түсімі қандай?
- Көктемде қанша гектар алқапқа дән себілді?
- Биылғы меже қандай болмақ? Қанша млн тонна жинау жоспары бар?
- Жалпы күн райы қалай болып тұр? Күз жаңбырлы болса егінді сақтап қалуға қандай мүмкіндіктер бар?
- Шаруалар жанармайдан таршылық көрмейтін шығар?
- Былтыр бидайдың түсімі гектарына қаншадан айналған еді?
- Былтыр қанша дән жиналды?
Спикер: Мейрам Меңдібаев, СҚО Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы.