Семей ұн зауыты 100 мың тонна астық өңдеуге дайын

Семей ұн зауыты 100 мың тонна астық қабылдап, сақтауға және өңдеуге дайын, деп хабарлайды 24kz.

Абай облысына жұмыс сапарымен барған Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин мен Мәжіліс депутаты Айдарбек Қожаназаров ауыл шаруашылығы кәсiпорындарын аралады. Аймақтағы егістік алқабы 750 мың гектарды алып жатыр. Негізгі астық базасы Шығыс Қазақстан ұн және жем комбинатында орналасқан. Кәсіпорын 1929 жылдан бері ұн, макарон және мал азығын өндірумен айналысады. Вице-премьер диқандармен пікір алмасып, мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдаулар жайлы айтты.