Кәсіподақ ұйымдары уран индустриясын дамытуды қолдайды

Отандық кәсіпорындар тұрақты әрі арзан электр энергиясына мұқтаж. Қолжетімді һәм үздіксіз қуат көзі болмаса, өндірістік ұжымдарда еңбек өнімділігі төмендей бермек, деп хабарлайды 24kz.

Сондықтан кәсіподақ ұйымдары қазақстандықтарды энергетикалық тапшылықты шешу жобаларын қолдауға шақырады. Жаңа буынды атом электр станциясының құрылысы барысында жоғары жалақылы әрі сенімді кепілдіктері бар он мыңдай жұмыс орны ашылады. «Зиянды қалдықсыз өндіріске бағытталған қуатты реакторлы кешен салу – бұл әлеуметтің әлеуетін арттыруға бағытталған қадам дейді», - кәсіподақ өкілдері.

Оразбек Бекбас, «Қазақстандық энергетиктердің салалық кәсіподағы» ҚБ төрағасы:

- 52 мемлекетте АЭС бар. Басқа мемлекеттер де салып жатыр. Белоруссия АЭС қосты, Түркияда екеуі бар. Қытайда 30 шақтысы бар. Ең көп атом электр станция Америкада, содан кейін Францияда. 400 реактордың бәрі жұмыс істеп жатыр. Ең үлкен атом станциясы Жапонияда. Сондықтан атом электр станциясы адамзаттың болашағы. Тек қана атоммен жұмыс істеуді үйренуіміз керек.