Ата Заңға енгізілген өзгерістер
Мемлекетті басқару ісіндегі ең маңызды құрал – сенім. Ал сенімді ұялататын ең үлкен күш – әділеттілік.
2022 жылғы консититуциялық реформаның басым бағыты да осы болатын. Ата Заңға енгізілген өзгерістер елде демократияны одан әрі нығайту мен Парламенттің рөлін күшейту жөніндегі қоғамдық сұраныстарды ескерді. Бас құжаттың аясында Президент өкілеттігі қысқарды. Конституцияның 33 бабына 56 түзету енгізілді. 2 бөлімнің атауы өзгерді. Мұның барлығы ел дамуының жаңа моделін қалыптастырды. Бас құжаттың аясындағы негізгі өзгерістердің бірі – Конституциялық Сот құрылды. Адам құқықтары жөніндгі уәкілдің мәртебесі Ата Заңда бекітілді. Өлім жазасына тыйым салынды. Бұл құқық қорғау инситуттарын күшейту тетіктері еді. Тағы бір салмақтысы – Жер және оның қойнауы халықтың меншігіне өтті. Мәжіліс депутаттарының саны 98-ге қысқарды.