«Көктөбе» телемұнарасында Конституция күніне орай шоу басталды
Конституция күніне орай «Көктөбе» телемұнарасында сәулеттік-көркемдік жарықтандыру іске қосылды, деп хабарлайды 24kz.
Мұнараның қасбетінде мультимедиялық шоу басталды. Оны қаланың кез келген жерінен тамашалауға болады. Қазір арна тілшісі Алмас Садуақас осы ерекше көріністен алған әсерімен бөлісуге әзір.
Алмас Садуақас, тілші:
- Конституция күні құтты болсын. Мұнарының жарқырауы – тамаша көрініс. LED прожекторлар арқылы ол түрлі түске боялып, сан түрлі сәуле таратады. Мұнараны жарықтандыру қаланың сәулеттік келбетін жақсартып, ажарландыра түсті. Күн сайын Көктөбенің көркін тамашалуға мыңдаған адам барды. Шетелдік туристер де көп келеді. 1975-1983 жылдар аралығында салынған «Көктөбе» телемұнарасы телехабар тарату инфрақұрылымының маңызды бөлшегі. Телемұнара бүкіл республика көлемінде миллиондаған көрерменге хабар таратуды қамтамасыз етеді. Ал динамикалық жарықтандыру күн сайын кешкі сағат 20:00-ден түнгі сағат 02:00-ге дейін қосылып тұрады.