Қостанайдың Обаған елді мекені іргелі ауылға айналып келеді
Қостанай облысының шекара түбіндегі Обаған ауылында соңғы екі жылда 15 жаңа үй салынды.
Биыл олардың қатары тағы үшеуге толықпақ. Бұл елді мекенге тіпті қаладан көшіп келіп жатқандар бар. Кезіндегі шағын бөлімше, бүгінде іргелі ауылдардың біріне айналып отыр. Тірлігі мығым, бірлігі бекем қазақы ауылда тілшіміз болып қайтты.
Обаған- еліміздің тәуелсіздік жылдары түлеген елді мекендердің бірі. Мұндағы халықтың тұрмысы басқалардан көш ілгері. Қаладағыдан бір мысқал кем емес. Мына қаз-қатар тізілген жаңа үйлер екі-үш жылдың аясында салынған. Газ,суы кіріп тұр. Жаңа жиһаздармен үй іші жайнап тұр. Осының бәрі жергілікті шараушылықтың есебінен салынып, жабдықталған. Жақында көшіп келіп, баспаналы болғандардың бірі Кенжеғара Жаркенов. Ол шаруашылықта жүргізуші болып істейді.
Кенжеғара Жаркенов, Обаған ауылының тұрғыны:
- Бұрыңғы үймен салыстырғанда жермен көктей ғой. Ыстық су да, жылы су да үйдің ішінде. Жылуда келіп тұр газбен. Біз жолдасымыз екеуміз шын айтсақ, қолымызға бір пакетімізді алып келдік. Қалғаны бәрі осылай дайын тұрды.
Жергілікті медициналық пунктің фельдшері Жайлы Исабаева да Обағанға жақында қоныс аударғандардың бірі. Сырттан келген маман жаңа ортаға тез сіңісіп, үйреніп кеткендігін айтады.
Жайлы Исабаева, фельдшер:
- Осы ауылға келіп кеттім алдында. Ұнады. Үй берді. Үй-жай6 іші полностью меблировано. Ауыл жақсы. Қазақтардың арасы. Болат Жұмашевич барлық жағдайды жасап жатыр. Отопление газовый ішінде қаладағы сияқты ғой бәрі бар.
Болат Жұмашевич деп отырғаны жергілікті шаруашылықтың басшысы, Құрмет орденінің иегері Болат Қарабаев. Мұндағы бар жетістіктерді ауыл адамдары осы азаматпен байланыстарды. Сондықтан үлкен-кіші оған зор құрметпен қарайды. Ауылдағы әлеуметтік нысандардың барлығы қалыпты жұмыс істеп тұр. Саябақ, стадион, тренажер залы жергілікті жастардың сүйікті орынына айналған. Көшелерге асфальт төселіп, жарық тартылған. Осы игі істерге мұрындық болып жүрген Болат Қарабаев туған ауылын әлі де көркейте түсуге мүдделі.
Болат Қарабаев, шаруа қожалығының басшысы:
- Еңбектерін жақсы төлеп, жұмысшылар еңбекақысын уақытында алып, сол өзім осындай жағдайда тұрар едім деген жағдайда істеуге тырысып жатырмын ауыл адамдарына, Медпункт салдық, монша салдық, рестобар салдық. Биыл да бұйыртса үш үй саламыз ба деген ойымыз бар.
Обағанда қазір 400-ге жуық адам тұрады. Негізінен байырғы тұрғындар. Бұрын жайлы орын іздеп қалаға кеткен төрт отбасы былтыр қайта ауылға оралыпты.
Мағауия Қалиев, Сергей Трахтенберг