Заңсыз ойын бизнесімен айналысқан адам шетелден экстрадицияланды
Ел аумағында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған күдікті Біріккен Араб Әмірлігінде қолға түсті.
Қазір Бас прокуратура оны Қазақстанға қайтарып, елордадағы тергеу изоляторына тоғытты. Күдікті 2023-2024 жылдар аралығында Атырау облысында букмекерлік кеңсе түріндегі заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған. Осылайша 21 млн теңгені қалтасына басып, қашып кеткен. Халықаралық іздеуде болған тұлға бұрын да осындай қылмысы үшін сотталыпты.
Ерлан Жанпейісов, ҚР Бас прокуратурасының ресми өкілі:
- Қазіргі уақытта күдікті Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды. Айыпталған қылмыс жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, 4 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.