Президенттің жолдауда айтқан маңызды міндеттері. LIVE
Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында тағы да заңға бағыну, қоғамдағы заң үстемдігіне тоқталды, деп хабарлайды 24kz.
- «Бұл – бүкіл қоғамның және әр адамның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты ең басты талап», - деді. Әділетті Қазақстан тұжырымдамасын өміршең етуде ел азаматтары тағы нені ескеруі тиіс?
- «Мемлекет пен қоғам арасындағы диалогтың сапасын одан әрі арттыра түсу үшін бәріміз адал әрі әділ болуымыз, тек заң аясында әрекет етуіміз, берген уәдеміз бен ісіміз үшін жауап бере білуіміз керек», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Заңға бағыну дәл қазіргі таңда және болашақта да өзекті болып қала беретінін ескерсек, Мемлекет басшысы «берген уәдеміз бен ісіміз үшін жауап бере білуіміз керек» деп нені меңзеді?
- Заң демекші, елімізде жеке детективтердің қызметі заңмен реттеледі деген ақпарат шықты. Осы орайда бұл жұмыс үйлесімді, тиімді іске асу үшін қандай жұмыстар атқарылуы керек?
Спикер: Нұртай Иманғалиев, ҚР ПІБ жанындағы Парламентаризм институтының сарапшысы, з.ғ.к. қауымдастырылған профессор.