Президент: Гидрология бекеттерін жөндеу қажет

Су саласына серпіліс беру керек. Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі тіршілік көзінің тапшылығын болдырмау үшін гидрологиялық бекеттерді жөндеп, жаңғыртуды тапсырды, деп хабарлайды 24kz.

Сондай-ақ Президент агросектор саласына да суды үнемдеу мақсатында тың технологияларды пайдалану туралы пәрмен берді. Бұған қоса, Мемлекет басшысы көктемгі апаттан сабақ алуды ескертіп, қиын-қыстау шақта көмек қолын созған елжанды азаматтардың еңбегіне ерекше тоқталды.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Су қорын жинап, оны тиімді пайдаланып, ирригация жүйесін дұрыс қолдана алсақ, бұл салаға да инвестиция тартуға болады. Сондықтан тариф саясатын реттеп, инвесторларға тиімді қолдау шараларын ұсыну қажет. Бұл – Үкіметтің алдында тұрған маңызды міндет. Нақты жұмысқа кірісу керек.