2025 жылы Жасанды интеллект ұлттық орталығы іске қосылады
Келер жылы Астанада Жасанды интеллект ұлттық орталығы іске қосылады, деп хабарлайды 24kz.
Бұл орталық оқушылар, студенттер, ғалымдар мен кәсіпкерлер үшін әрдайым ашық болады. Цифрлық активтер мен майнингті заңмен реттеп, криптобиржаларды одан әрі дамыту ісін жалғастырған жөн.
«Елімізде экономикаға қажетті электр қуатын өз керегіне шамадан тыс пайдаланатын, сөйте тұра, салықты аз төлейтін кәсіпкерлер бар. Міне, осындайларды жөнге салу керек», - деді Президент. «Электронды үкімет» платформасына жасанды интеллект технологиясын барынша енгізіледі. Қазақстан жасанды интеллектіні кеңінен қолданатын және цифрлық технологияларды дамытып жатқан елге айналуға тиіс. Бұл – Үкіметтің басты міндетінің бірі.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
- 2025 жылы Каспий теңізі арқылы талшықты-оптикалық байланыс желісін тарту жобасы аяқталмақ. Еліміз үшін бұл жобаның маңызы зор. Сол арқылы мәліметтердің халықаралық арнасымен және трансшекаралық ағынымен байланысты цифрлық инфрақұрылым құра аламыз. Жалпы телекоммуникация желілері мен дата-орталықтарын барынша жетілдіруге, киберқауіпсіздіктің әлемдік стандарттарын енгізуге және мамандарымыздың біліктілігін арттыруға қатысты жұмысты жалғастыру керек.