Қайтарылған активтерді ел игілігіне жарату дәстүрі жалғасады
Кәсіпкерлер мемлекеттік органдардың шектен тыс қадағалауына әлі де шағымданады. Үкімет Бас прокуратурамен бірлесе, инвестициялық ахуалға жағымсыз әсер ететін үрдістерді жоюы керек. Президент бұл жайында былтыр бизнес өкілдерімен кездесу кезінде де нақты ұстанымын айтқан.
Яғни кәсіпкерлер капиталды заңдастыру үшін міндетті түрде ел экономикасына қаржы салуы қажет. Бастысы, салынған қаражат ел игілігіне жаратылады. Қасым-Жомарт Тоқаев енді бұл талапты нормативтік тұрғыдан бекітіп алу қажеттігін тілге тиек етті. Мәселен, реестрге енгізілген кәсіпкерлермен келісім жасаған кезде мемлекетке қайтарылатын активтерді «заңсыз» деп танымау туралы норманы бекітуге болады. Президенттің пайымынша, олар осы елдің азаматы ретінде мектеп, аурухана, стадион, музей және басқа да әлеуметтік-мәдени нысандар салуға қомақты қаржы бөлуге міндетті. Мұндай кәсіпкерлердің есімі жомарт жандардың «алтын тізіміне» жазылады. Ал одан бас тартқан немесе сөзбұйдаға салған кәсіпкерлерге қатысты әңгіме басқаша болады», - деп қадап айтты Мемлекет басшысы.