Президент халықтың қаржылық және цифрлық сауатын арттыруды тапсырды

Былтыр «Қарызсыз қоғам» жобасына 65 мың адам қатысып, қаржылық сауаттылығын арттырған. Биыл да ілкімді істің игілігін көретін халықтың қарасы қалың. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев әрі қарай да бұқараның қаржылық және цифрлық білімін көтеруді тапсырды. Ол үшін мектептер мен оқу орындарында арнайы бағдарлама енгізілуі керек. Бұған қоса, Мемлекет басшысы елдегі интернет алаяқтық көбейгенін ескертіп, қауіпсіздікке мән беруге шақырды.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Қазір «Құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы» заң жобасы әзірленіп жатыр. Осы заңның талаптарын орындау үшін қоғам мен мемлекеттік аппарат күш жұмылдыруы керек. Сонда ғана жағдайды түзетіп, заң үстемдігін және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ете аламыз. Кез келген қоғамның, соның ішінде біздің қоғамның да басты ұғымдарға негізделген сұраныстары – әділдік және қауіпсіздік. Осы негізгі сұраныстардың толығымен өтелуі мемлекеттің тиімді жұмыс істейтінін айқын көрсетеді.