ҰҚК теріс діни ағымды насихаттаушыларды ұстады
Елімізде теріс діни ағымның жақтаушылары болып табылатын Қазақстанның 5 азаматы мен 1 шетелдік ұсталды, деп хабарлайды 24KZ.
Олар әлеуметтік желілер мен басқа да жолдарды пайдаланып, өшпенділік пен зорлық-зомбылық идеологиясын насихаттады деп айыпталып отыр. Күдіктілерді Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдері бірнеше өңірде терроризмге қарсы өткізген іс-шаралар барысында анықтады. Ұсталғандардың екеуі бұған дейін тонау және ұрлық жасау дерегі бойынша сотталған. Тінту кезінде заттай дәлелдемелер табылды, оның ішінде 3 ұрыс гранатасы бар. Қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.