Елорданың бірқатар балабақшасында былық көп

Қала прокурорлары Астанадағы мектепке дейінгі ұйымдарды тексеру барысында түрлі заңбұзушылықтарды анықтады, деп хабарлайды 24KZ.

Қадағалау органының мәліметіне сүйенсек, кейбір балабақша жалақыны заңсыз есептеп, жалған жұмыс орнын құрған. Жемқорлық фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Жекелеген мекемелерде мерзімі өткен дәрілік заттар, құрамында сынап бар шамдар сақталған. Қазір кінәлілер жауапқа тартылды.