«Электронды үкімет» платформасына жасанды интеллект технологиясы барынша енгізіледі

Біздің ел жасанды интеллектіні кеңінен қолдануға ниетті.

Мемлекет басшысы өз Жолдауында «Электронды үкімет» платформасына жасанды интеллект технологиясын барынша енгізу қажеттігі ерекше тоқталды. Цифрлық технологияларды дамытудың өндірістік және ауыл шаруашылығы саласын түлетуге септігі мол болмақ. Мәселен, Үкіметтің экономикалық тұрғыда құрамдас бөлігі саналатын «Бәйтерек» басқару холдингінің мамандары шалғайдағы шаруалардың техникасын есептеу үшін жылына 4 рет ауыл-аймақты аралап шығатын. Ал қазір өңірлердегі агроқұрылымдар комбайн немесе тракторды жан-жағынан суретке түсіріп, ортақ жүйеге жіберсе болды. Әрі қарай жасанды интеллект арнайы қосымша арқылы мәліметтерді өңдеп, есептеп береді.   

Үсен Ғалым, «Бәйтерек» ҰБХ АҚ басқарма төрағасының орынбасары:

- Жасанды интеллект ол техниканың қай жылғы, қай марка болғанын және дөңгелектерінде, шанағында қандай ақау бар екенін өзі анықтап, мәтін түрінде есеп береді. Бұл біз үшін алдымен адами ресурстарды үнемдеуге мүмкіндік береді. Ал фермерлерге болса қолайлы уақытта, қолайлы жерде өздері мониторинг жүргізуге мүмкіндік береді.