Қазақстанда Отбасы күні аясында іс-шаралар апталығы басталды
Елімізде отбасы күніне орай іс-шаралар апталығы басталды, деп хабарлайды 24KZ.
Мәдениет және ақпарат вице-министрі бұл мерекені атап өтудің тұжырымдамасын ұсынды. Әр күн жекелеген тақырыптарға арналады. Оның ішінде ата-ана жауапкершілігі, ұрпақ денсаулығы мен тәрбиесі, ұлттық салт-дәстүр мен отандық туризм насихатталады. Мұндай мазмұнды шаралар арқылы отбасы институтын дамыту көзделіп отыр.
Айта кетейік, қыркүйек айының екінші жексенбісі елімізде Отбасы күні атап өтіледі. Қазақстанда қазір 5,5 миллионнан астам отбасы бар. Соңғы 5 жыл ішінде ажырасу дерегі 48%-ке азайған.
Евгений Кочетов, ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі:
- Бүгінгі күні «Отбасын жоспарлау», 4 қыркүйек – «Саналы түрде ата-ана болу», 5 қыркүйек – «Дені сау ұрпақ», 6 қыркүйек – «Мықты отбасы – мықты мемлекеттің кепілі», 7 қыркүйек – «Отбасылық әл-ауқат», 8 қыркүйек – «Отбасылық демалыс – бақытты болашаққа инвестиция». Ағымдағы жылдың 6 қыркүйегінде Астана қаласында «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы жеңімпаздарының қатысуымен телемарафон өткізіледі.