Тұтынушы шағымын қарау тәртібі жеңілдетілуі мүмкін

Тұтынушылардың шағымдарын қарау төрт кезеңнен екіге дейін қысқартылады.

Себебі бұрынғы тәртіп тұтынушыны сотпен қорғауда конституциялық құқығына кедергі келтірді.

Бұл туралы мәжілістің жалпы отырысында сауда және интеграция министрі мәлімдеді.

Бірінші кезеңде тұтынушымен бизнес субъектісінің арасындағы дауды шешу сотқа дейінгі міндетті тәртіп сақталады.

Екінші кезеңде, егер бизнес өкілі  дауды сотқа дейін шешуден бас тартса,  тұтынушыға сотқа тікелей талап қоюға мүмкіндік беріледі. Немесе дауды соттан тыс реттеуге немесе бизнес субъектісін әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін мемлекеттік органға жүгіну тәсілдерін таңдау құқығы беріледі.