Енді халық АЭС туралы бәрін біліп отырады

Отандастарымыз Атом энергетикасы және атом электр станциясының құрылысы жайлы ашық ақпаратқа қол жеткізе алады.

Gov.kz порталы мен eGov mobile мобильді қосымшасында арнайы ақпараттық бөлімдер әзірленіп, енгізілді. Ондағы мағлұматтарды Энергетика министрлігі Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп жасаған.

Мұнда пайдаланушылар атом энергетикасы, атом электр станцияларының құрылысы мен жұмысы, олардың қауіпсіздігі мен қоршаған ортаға және денсаулыққа әсері туралы өзекті сұрақтарға жауап таба алады.

Естеріңізге сала кетейік, 2 қыркүйекте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қойды. Ол еліміздегі алғашқы атом электр станциясын салу туралы шешім қабылдаудағы шешуші кезең болады.