Әуе билетін сатып алу шарттары өзгеруі мүмкін
Министр Арман Шаққалиев заң жобасына енгізілген жаңашылдықтар мен жойылған құқықтық кемшіліктерге де тоқталды.
Енді қайтаруға жатпайтын тауарлар тізімінен медициналық бұйымдар, ұялы байланыстың абоненттік құрылғылары алынып тасталды.
Авиабилеттерді сатып алу және туристік қызмет көрсету туралы шарттар бойынша 100 пайыз қайтарылмайды деген ұғым алынып тасталды. Сондай-ақ несиеге сатып алған тауарларды қайтару шарттары белгіленді.
Айта кетейік, тұтынушылардың құқұқтарын қорғау туралы Заңға соңғы түзетулер төрт жыл бұрын енгізілген. Бірақ іс жүзінде оның қазіргі уақыт талабына сәйкес келмейтіні және кемшіліктері көбейді. Сондықтан бүгін мәжілісте жаңа түзетулер ензігу керектігі айтылды.
Жалпы 2021 жылы тұтұнушылардың құқұқтарын қорғау Комитетіне тұтұнушылардың 25 мың өтініші келіп түсті, 2022 жылы 30 мың, 2023 жылы олардың саны 51 мыңға дейін өсті. Тұтұнушылардың электрондық сауда саласындағы бұзушылықтарға қатысты шағымдары 2023 жылы 7732 шағым түсті, - деп хабарлады сауда және интеграция министрлігі.