Алматы облысында аудан әкімі ұсталды

Алматы облысы Іле ауданының әкімі Бағдат Қарасаев ұсталды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің мәліметінше, Қарасаевтан бөлек, басқа да тұлғалардың заңсыз әрекетін әшкерелеген. Қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеруге сәйкес, күдіктілер қамауға алынды.

Еске салсақ, Бағдат Қарасаев 2018 жылдың қыркүйегінен бастап Іле ауданы әкімі қызметін атқарып келді.