«ҚазАвтоЖолдың» бұрынғы төрағасы ұсталды

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының бұрынғы төрағасы сотталуы мүмкін.

Оған Есіл өзені арқылы көпір салумен «Жақсы-Есіл-Бұзылық» автожолын күрделі жөндеуге бөлінген мемлекеттік қаражатты жымқырды деген айып тағылып отыр.

Күдіктілер қатарында бас мердігер де бар. Тергеу нұсқасы бойынша «ҚазАвтоЖол» басшылығы мердігерге негізсіз артықшылық берген. Сонымен қатар, мақсатсыз пайдаланылған 200 млн теңге көлемінде аванспен бір көзден сатып алу тәсілімен заңсыз шарт жасасқан. Көлік прокуратурасы істі Астана қаласының сотына жолдады.