Қазақстанға тазы тұқымының иесі деген мәртебе берілді

Қазақтың құмайы ресми түрде ит тұқымы деп танылды.

Халықаралық кинология федерациясы жеті қазынаның бұл түрін ресми түрде мойындап, Қазақстанға тазы тұқымының иесі деген мәртебе берді.

Естеріңізге сала кетейік, қазақы ит тұқымдарын сақтау, сондай-ақ оларды халықаралық деңгейде таныту мәселесі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша қолға алынған болатын.

Сөйтіп бұл іс 2022 жылдан бастап ҚР Президенті Іс басқармасының қарауына алынды. 2 жыл ішінде тазы стандарты бекітіліп, ғылыми зерттеулер жасалынды. Сондай-ақ асыл тұқымды иттердің байқаулары мен көрмелер өткізілді. Мәселен биылғы жылы елде тазы иттердің 5 монотұқымды көрмесі өткен.

Бауыржан Серікқали, Қазақстан кинологтары одағының президенті: