Депутаттар жаңа Салық кодексімен жұмыс істей бастады
Осы маусымда Мәжіліс депутаттары бірнеше жаңа заң жобасымен жұмыс істейді, деп хабарлайды 24kz.
Бірінші кезекте Банктер туралы заңды жетілдіру міндеті тұр. Қолданыстағы құжат 1995 жылы қабылданды, енді заманауи талаптарға сай келмейді. Еліміздің салық жүйесін де қайта қарау керек. Негізгі міндеттердің қатарында салық жеңілдіктері мен режимдерін оңтайландыру, бюджетке төленетін міндетті төлемдерді қысқарту да бар. Корпоративтік табыс салығының мөлшерлемесін саралау қажеттігі де айтылды.