Сарапшылар: Әр басшы қызметкерлеріне есеп беруі керек
Алматыдағы Тұран университетінде бас қосқан экономистер, қоғам қайраткерлері мен саясаттанушылар Жолдауда көтерілген маңызды міндеттерге тоқталды, деп хабарлайды 24kz.
«Саяси шешімдер мен экономикалық даму ұлттық стратегияға негізделуі керек. Міндет пен жауапкершілік мәселесі жиі айтылды. Сондықтан әр адам бұны түсіну қажет», - дейді философ Серік Нұрмұратов.
Серік Нұрмұратов, философия ғылымдарының докторы:
- Айтарым, қандай деңгейде болсын, биліктегі адам болсын, немесе жай қарапайым қызметтегі адам болсын жауапкершілік сезіну керек. Сондықтан ол жауапершілік қай кезде болады? Есеп берген кезде. Сондықтан айтарым, жыл сайын әр мекеменің басшысы өзінің қызметкерлерінің алдында, Үкіметтің алдында ашық есеп беріп отыру керек. Осы түйіндегенім.