Ақтауда жылу жүйесі жаңғыртылып жатыр
Ақтауда магистралды жылу жүйесі жаңғыртылып жатыр, деп хабарлайды 24kz.
Ауқымды жобаны Президент Қ.Тоқаев 2026 жылға дейін аяқтауды тапсырған ед. Жоспарға сәйкес қыркүйектің соңына дейін жалпы ұзындығы 11,4 шақырымдық жылу құбыры ауыстырылады. Бүгінде 8 шақырымы жаңғыртылды. Құрылыс-монтаждауға 180 жұмысшы мен 80 арнайы техника тартылған. Мамандар екі ауысымда жұмыс істеп жатыр. Жылыту маусымында апат болмас үшін құбырдың дәнекерленген бөлігі ультра дыбыстық құрылғымен тексеріледі.
Айта кетсек, Ақтаудағы жылу жүйесінің ұзындығы 565 шақырымды құрайды. Соның 79%-і жаңартуды қажет етеді.
Абай Естекбаев, облыстық энергетика және түкш басқармасы басшысының орынбасары:
- Ақтауда жылыту маусымы 10-15 қазан аралығында басталады. Соған дейін жылу жүйесінің құбыр жаңаланған бөлігін техникалық сынақтан өткізуді жоспарлап отырмыз. Бұл учаскелерде өткен жылы авария жиі тіркелді. Келер жылы 6 шақырымын ауыстырып, қалғанын 2026 жылы толық аяқтаймыз.