Аида Балаева Air Astana әуе компаниясына қатысты пікір білдірді
Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева әнші Бибігүл Төлегенова мен Air Astana компаниясының арасында болған түсініспеушілікке қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды 24kz.
Ол Facebook парақшасында жазба қалдырып, тараптар үшін алаңдайтынын жеткізген. Сондай-ақ компанияны ережелерден бұрын қарапайым этиканы сақтап, өз клиенттеріне құрметпен қарауға шақырды. «Әсіресе, жасы үлкен жолаушыларға, Отан алдында айрықша еңбегі бар адамдарға ерекше құрмет көрсетілуге тиіс. Өйткені аға буынға құрмет – тәрбие мен ішкі мәдениет мәселесі», - деді министр.