Бизнеске баулитын тегін курстар ашылады
Астанада Президент жолдауын тыңдап қайтқан шымкенттік волонтер бизнеске бастайтын тегін курстар ашуға бекініп отыр.
Қазір Заңғар Орынбай оқу әдістемелерін әзірлеп, жергілікті студенттермен кездесулер өткізіп жатыр. Осылайша тың идеяға толы белсенді жастардың тізімін жасамақ. Оларды кезең-кезеңімен кәсіпкерлікке баулып, мемлекеттік гранттарды иеленуге қолдау көрсететінін айтады.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы айтқан еңбек адамының мәртебесін көтеру қажет деген ойы келешекте осы салаға ерекше көңіл бөлуге ықпал етеді деген сенімде.
Заңғар Орынбай, волонтёр:
- Шағын бизнесті орта типке ауыстыруымыз керек деп тікелей тапсырма берді. Жастарды оқытып, тренингтерге дайындап, гранттарды алу жолдарын сабақтар өткізіп үйрететін боламыз. Жастар арасында кеңінен жолдауды насихаттап, дамытамыз деген ойдамын.