1 млрд теңгені бөліп алғандар 5 жылға сотталды

Ақтөбеде агроөнеркәсіп кешенін субсидиялауға бөлінген 1 млрд теңге қолды болды.

Қаржылық мониторинг агенттігі жүргізген тергеу барысында мемлекеттік қаражатты жымқырған үш азамат анықталды. Олар 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Сотқа дейінгі тергеу кезінде залал өтеліп, айыпталушылардың жылжымалы және жылжымайтын мүлкі мемлекет пайдасына тәркіленді.

Әлібек Әбділов, ҚР ҚМА ресми өкілі:

- «Сыбаға» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Ақтөбе филиалынан несие алу кезіндегі алаяқтық фактілерін Қаржылық мониторинг агенттігі анықтады. Тергеу барысында 4 шаруа қожалығының өкілдері жалған құжаттарды пайдалана отырып, асыл тұқымды ІҚМ сатып алуға бөлінген мемлекеттік субсидиялар мен кредиттік қаражатты қолды қылған үш азамат анықталды.