Алаяқтар 40 мың жалған сайт ашқан

Интернет алақтары оңай олжа табуды кәсіп қылып алған.

Бір байқағаным, технология дамыған сайын алаяқтар да ізінен қалмай келеді. Осы тұста статистиканы көрсеткіміз келіп отыр. Елдегі барлық қылмыстық әрекеттердің 19%-і дәл осы интернет-алаяқтардың қатысуымен жасалады екен. Кейінгі жылдары оның сан түрі пайда болған. Ішкі істер министрлігінің өкілдері осылай деп отыр. Биылғы 8 айдың өзінде 13 мыңнан астам қылмыс тіркелген. Өкініштісі, соның 3 мыңы ғана ашылған. Келтірілген шығын көлемі 20 млрд теңгеге жуықтайды. Бұл тек ресми анықталғаны ғана. Мамандардың айтуынша, алаяқтардың қармағына азаматтар мына жағдайларда жиі түсіп қалады.

Хабарламалар сайты арқылы тауар сатып алмақ болып, алдын ала төлем жасағанда немесе қылмыскерлер азаматқа телефон шалып, өзін «банк қызметкерімін», – деп таныстырады. Түрлі желеу айтып, атына заңсыз несие рәсімдейді. Сонымен қатар азаматтарға өз қаржысын инвестициялауға үгіттейтін топтар бар. Оңай және тез жолмен табысқа кенелгісі келгендер алданып қалғанын байқамай қалады. Кейінгі кездері WhatsApp желісін бұзып кіріп, азаматтың атынан қарызға ақша сұрайтындар да көбейді. Бұл да – аңдамағандарды жаңылыстыратын айла.    

Алайда біз осы мәселеге қатысты жағаны кеңге салмауымыз керек. Себебі қазір «еңбектеген баладан, еңкейген қарияға» дейін ұялы телефонда отырады. Ал алаяқтар көбінде егде тартқан адамдарды сан соқтырып кетіп жатыр.

Сауалнама:

- WhatsApp арқылы жазады. «Сіздің атыңыздан кредит рәсімдеп жатыр. Бұғаттаймыз» деп.

- Иә, маған бірнеше мәрте бейтаныс нөмірден хабарласып, «Сізге хабарлама жібердік, кодты айта қойыңғыз», – деді.

- Таныстарымның суретімен сол нөмірден біртүрлі хабарламалар келіп тұрады. Көбі қарыз ақша сұрайды. Әрине, бұл алаяқтардың ісі екенін бірден түсінемін.

Бұл тұста, айта кететіні, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында қаржылық және цифрлық сауаттылықты арттыруға да басымдық берген.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Мектептерде, жоғары оқу орындарында қаржылық және цифрлық сауаттылық негіздерін үйрететін білім бағдарламасын енгізу қажет. Бұл жұмысты Үкімет қаржы саласын реттеу органдарымен бірге атқаруы керек.

Интернет алаяқтарына 3 жылдан 9 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Құзырлы органдар «жымысқы әрекеттерді анықтау оңай болмай тұр» дегенді алға тартады. Мәселен, Сенат депутаты Әсем Рахметова Үкіметке интернет-алаяқтық үшін жазаны қатаңдатуды ұсынды. Депутаттың өзін тыңдайық.

Әсем Рахметова, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

- Интернет-алаяқтыққа әсіресе терең фейк, жалған аккаунттар құру немесе фишингтік шабуылдар жасау сияқты жоғары технологиялар қолдану арқылы халықты алдағандарға жазаны қатайтуға қатысты заңнама бойынша ұсыныстар енгізу. Терең фейк пен жасанды интеллектерді қолдана отырып жасалатын қылмыстың алдын алу мақсатында оларды заңнамалық реттейтін бастамаларды әзірлеуді, сондай-ақ жалған деректерді анықтау жасанды интеллект технологияларын қолдану арқылы жасалған мазмұнды сәйкестендіру тетіктерін пысықтау, нейрожелі көмегімен жасалған контенттті таңбалауды мінджеттеу. Азаматтар күдікті әрекеттер туралы хабарлап, кеңес алатын арнайы сенім телефондары мен онлайн платформаларды әзірлеу.

Интернет-алаяқтар дүниенің кез келген бұрышында отырып-ақ, өзінің жымысқы әрекетін жүзеге асыра беретін болған. Ұлыбритания құқық қорғаушылары Еуроподағы әріптестерімен бірлесіп, ірі онлайн-платформаның заңсыз қызметін әшкереледі. Оның көмегімен алаяқтар әлем бойынша 40 мың жалған сайт ашып, пайда тауып келген. Бұл үшін қаскөйлер ақпараттық технологиялар арқылы танымал брендтер мен банктер, денсаулық сақтау және пошта қызметі сайттарының көшірмелерін жасаған. Сөйтіп, тұтынушылардың электронды поштасын, құпия сөздері мен банк картасының деректерін біліп отырған. |Олар мұнымен шектелмей, өзге адамдарға осылай жеңіл ақша табудың жолын үйретіп, 300 стерлинг фунт алып келген.

Адриан Сирл, Ұлыбритания қылмыспен күрес жөніндегі ұлттық агенттігінің өкілі:

- Бұл сервистің көмегімен алаяқтар азаматтарға электрондық хаттар жіберіп отырған. Онда тұрғындар сілтеме арқылы өтіп, өзінің жеке басына қатысты деректерді енгізеді. Сөйтіп, алаяқтар оларды арам ойларын іске асыру үшін қолданған. Ұлыбританияның өзінде 70 мыңға жуық адам алданып қалған. Бұл іске қатысты әлем бойынша 37 адам тұтқындалды.

Оңай олжаға белшесінен батқысы келетіндер Мәселен, сіздің суретіңізді пайдаланып, жақындарыңыздан ақша сұрайды. Алдымен сыпайы сөйлеседі, әбден сенімге кірген соң жағдайын айтып, айласын асырады. Сондықтан күмәнді сілтемелер мен қоңыраулардан сақ болыңыз.