Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің кеңесі өтті

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Асхат Жұмағали жедел кеңес өткізді, деп хабарлайды 24KZ.

Онда Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру бойынша қабылданған шаралар жайы талқыланды. Антикор басшысы жең ұшынан жалғасқан сыбайластықты жою мақсатында жауапты министрліктермен жол картасы жасалғанын айтып, Президент пәрменін межелі уақытында аяқтауды тапсырды. Қазіргі уақытта жолдар құрылысына мониторинг қарқын алды. Сондай-ақ педагогтерге еңбекақы төлеу қорына да бақылау күшейтілді. Заңсыз шығарылған активтерді елге қайтару да күн тәртібінде.