Тұтынушылар шағымы 2 есеге өскен

Былтыр тұтынушылардың құқығын қорғау комитетіне 30 мыңнан аса адам шағым түсірді.

Олардың қызмет пен тауар сапасына көңілі толмаған. Ал биыл жеті айдың өзінде 30 531 арыз түсіпті. Яғни бұл көрсеткіш былтырғымен салыстырғанда 2 есеге өскен. Өтініштердің дені бөлшек, электронды сауда мен тұрмыстық қызметтерге қатысты. Сондай-ақ, қоғамдық тамақтану орындарындағы көрсетілетін қызметтер көңілден шықпаған.