Қаратау қаласында тарихи ескерткіштер маңайы тазартылды

Жамбыл облысындағы тарихи кешендер қоқыс қалдықтарынан тазартылды.

Кезекті рет ұйымдастырылған «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясына 130-ға жуық жастар мен қаланың белсенді азаматтары қатысты.

Олар Қаратау қаласындағы тарихи ескерткіштерді, оның ішінде Тамды қалашығы, Батырлар алаңы, Семей полигоны мен Чернобыль апатына қатысушыларға арналған ескерткіштердің айналасын күл-қоқыстан тазартты. Айта кету керек, бір күнгі тазалық шарасында жиналған тұрмыстық қалдықтар 4 жүк көлігіне тиелді. Экологиялық акцияны ұйымдастыруға «Аманат» партиясының «Жастар рухы» жастар қанаты ұйытқы болды.

Доғдырбек Мәселбеков, Amanat партиясы Талас аудандық филиалының төрағасы:
-
Жалпы ұлттың денсаулығы бірінші кезекте тазалықтан басталады. Сондықтан бүгінгі ұйымдастырылып, жүргізіліп жатқан жұмыстар бұл тек қана тазалық жүргізу емес, сонымен қатар бұл азаматтардың бойында тазалық мәдениетін қалыптастару. Осы тұрғыда мен осы бүкіл таластықтарды, жалпы қазақстандықтарды  «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысуға шақырамын.