Жезқазғандық жастар экологиялық қауіпсіздік мәселесін талқылады

Қазақстанда АЭС салу және экологиялық қауіпсіздік мәселесі.

Жезқазғанда «Жастар рухы» ұйымының мүшелері осы мәселені талқылады. Аға буын өкілдері мен энергетика саласының мамандары АЭС-тің әлеуеті туралы баяндап, энергетика секторын дамытудың  жаңа түрлеріне тоқталды. Экологиялық қауіпсіздікке қатысты халық арасында жиі көтерілетін сауалдарға жауап берді.

Энергетика саласы бойынша техника ғылымдарының магистрі Қазыбек Оразбаев «Қазақстанда атом электр стансасы салынатын болса, оның құрылысы мен қауіпсіздігін халықаралық ұйымдар қатаң бақылайды», - дейді. Себебі  АЭС аса маңызды стратегиялық нысан.

Қазыбек Оразбаев, техника ғылымдарының магистрі:
- Халықтың қазіргі пікірі бұл қауіпсіздік мәселесі. Қазіргі уақытта техниканың дамыған заманы. Қазір салынатын атом электр стансылары біршама қауіпсіз және қауіпсіздік мәселесін бірінші орынға қояды. Сондықтан да, азамат ретіндегі, маман ретіндегі өзімнің жеке пікірім,  Қазақстанға атом электр стансысы керек. Ол болашағымыздың, алға дамуымыздың үлкен бір
белесі болады.