Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелері Президент Жолдауын талқылады

Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелері елордадағы Достық үйінде Президент Жолдауын талқылады.

Жиынға ассамблея төрағасының орынбасары Марат Әзілханов пен Ассамблея мүшелері, Парламент депутаттары, Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Ғалым Шойкин және басқа да этномәдени бірлестік өкілдері қатысты. Іс-шарада жалпыұлттық бірлікті нығайтуға, азаматтардың құқықтық мәдениеті деңгейін арттыруға, саяси және қоғамдық өмірді жаңарту мен жастарды патриотизмге тәрбиелеу мәселелері талқыланды.