Шымкентте жол желісінің картасы әзірленеді

Шымкентте жол желісін паспорттау және диогностикалау жұмыстары жақында аяқталады, деп хабарлайды 24kz.

Қазір жалпы ұзындығы 3 мың шақырымнан асатын көшелердің сапасын бағалау жүріп жатыр. Нәтижені бақылау үшін арнайы электрондық база құрылған. Онлайн платформада көшелердің картасы көрсетіліп, құрылыс жұмыстарын уақытылы жүргізу ісі оңлайландырылады.

Айта кетейік, еліміз бойынша жол желісін бағалауға арналған цифрлық жүйе алғаш рет қолға алынып отыр.

Өмір Қалыбаев, қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары:

- Жолдардың ұзындығы бойынша да ең бірінші орында тұрған қала. Мынау көліктердің саны өздеріңізге белгілі, жыл сайын өсіп келе жатыр. Соған сәйкес электрондық базаны жасау арқылы біз өзіміздің жоспарлау жұмысымызды реттейміз. Ол электрондық база бізге рекомендация береді. Біріншіден мына жолдарды жөндеуің керек деп.