Күзгі әскерге 20 мың адам шақырылады
Қазақстан армиясы 20 мыңнан астам сарбазбен толығады, деп хабарлайды 24kz.
Күзгі әскерге шақыру науқаны қыркүйекте басталып, желтоқсан айының соңына дейін жалғасады. Оған 18-ден 27 жасқа дейінгі азаматтар кіреді. Мерзімді әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыруға немесе босатуға негіздері жоқ ер азаматтар шақырылады. Қалалық және аудандық шақыру комиссиялары жергілікті атқарушы орган әкімдерінің орынбасарларының төрағалығымен жұмыс істейді. Науқан барынша ашық форматта өткізіледі.
Руслан Жангулин, ҚР Қорғаныс министрлігінің ресми өкілі, подполковник:
- Күзгі шақыруда Қарулы күштердің, Ұлттық ұланның, ҰҚК Шекара қызметінің, ТЖМ және Мемлекеттік күзет қызметінің бөлімшелері жасақталатын болады. Биыл сарбаздарға арналған артықшылықтар заң жүзінде бекітілді. Оларға қызмет ету кезінде және әскерден босатылғаннан кейін екі айға несие демалысы беріледі. Бүгінгі таңда 6 мыңнан астам әскери қызметшінің 1 млрд 828 млн теңге төлемі кейінге қалдырылды. Отан алдындағы борышын өтеген азаматтарға студенттік жатақханадан орын беру жеңілдіктері де қарастырылған.