Burabay Travel мобильді қосымшасы іске қосылады
Президент Іс басқармасы мен Дүниежүзілік туристік ұйым ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды 24kz.
Дөңгелек үстелде Ддүниежүзілік туризм ұйымының бас хатшысы Зураб Пололикашвили серіктестік аясында қазақстандық студенттер шетелде тегін оқуға мүмкіндік алатынын атап өтті. Жиында «Бурабай» курорты аумағындағы туристік-инфрақұрылымдық мәселелер де талқыланды. Президенттің Іс басқармасында қазір бұл бағытта отыздан астам жоба әзірленіп жатыр. Олардың бірі – Burabay Travel бірыңғай цифрлық платформасы. Мобильді қосымша келесі жылы іске қосылады деп жоспарлануда.
Дәурен Молдахметов, ҚР Президенті Іс басқармасының цифрландыру және жобалық басқару бөлімінің меңгерушісі:
- Бүкіл қонақжайлардың тізімі, виза алуға мүмкіндік, регистрациясы бар, қандай маршруттар бар. Туристердің қызығушылығы әртүрлі ғой. Тау туризмі бар. Олардың маршруттарын біз мобильдіқосымшада 3D турын да енгізіп, қандай маршруттар болады, қандай қиындықтар туындайды, соның бәрін алдын ала жаңа қосымшадан көріп, туристерге сондай мүмкіндік туады.
Зураб Пололикашвили, Дүниежүзілік туристік ұйымның бас хатшысы:
- Біз биыл туризмді тұрақты дамыту шараларын қолға алдық. 10 студент шет мемлекетте тегін оқуға мүмкіндік алды. Бүгін ұзақ мерзімді серіктестік туралы Меморандумға қол қойдық. Бұл екі тарап үшін де маңызды күн. Тың бастама елдегі туризм кластерін дамытуға сеп беретініне сенімдіміз.