Көшпенділер ойындары кезінде әлеуметтік нысандар қалыпты режимде жұмыс істейді
Дүниежүзілік көшпенділер ойыны кезінде қалалық емханалар мен ауруханалар қалыпты режимде жұмыс істейді.
Бұл туралы елорда әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. Әлеуметтік нысандар азаматтарға қажетті медициналық көмек көрсетуге дайын. 103 қызметі азаматтарға тәулік бойы қызмет көрсетеді.
Көшпенділер ойыны оқу процесіне де әсер етпейді. Елордалық студенттер мен оқушылар әдеттегідей білім ордаларына барып оқиды. Спорттық шара қарсаңында Ішкі істер министрлігі қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.