Марқұмдардың неден қайтыс болғаны виртуалды түрде тексерілуі мүмкін

Елдегі сот-сараптама мекемелерінде енді мәйіттер ашылмай-ақ, марқұмдардың неден қайтыс болғаны виртуалды түрде тексерілуі мүмкін, деп хабарлайды 24KZ.

Астанада бас қосқан Түркі мемлекеттерінің әділет министрлері алғашқы кеңес отырысында өзара тәжірибе алмасты. Соның ішінде қызмет түрлерін сандық жүйеге көшіру, заң үстемдігін қамтамасыз ету, ведомствоаралық байланысты нығайту тақырыптары кеңінен талқыланды. 

Қазақстанның әділет органдарында цифрландыру бойынша арнайы жобалар пулы жүзеге асырылып жатыр. Әсіресе робот сот орындаушы, е-заңнама, е-сараптама сияқты жүйелер тиімділігін көрсетіп үлгерді. Енді саланы одан әрі жетілдіру міндеті тұр. Жиында тараптар уағдаластық пен негізгі бағыттар туралы Астана декларациясына қол қойды. Кеңестік келесі отырысы алдағы жылы Әзербайжанда өтеді.

Азамат Есқараев, ҚР Әділет министрі:

- Көбінесе біздің азаматтарымыз туысқандарының не таныстарының ешқандай медициналық жақтан өткізбей, қайта беру туралы өтінеді. Сол үшін біз мұны цифрландыру арқылы шешуді көреміз. Басқа да заң шығару саласында біз өзара ақпарат, тәжірибе алмасамыз. Ол біздің заң шығару үрдісін одан сайын шыңдалуына, жаңа жетістікке жетуіне септігін тигізеді деп ойлаймын.